Әртүрлі

Әскери қызметшілер халыққа тәулік бойы көмектесіп жатыр

Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің, Академиясының және авиабазасының әскери қызметшілері Қазақстанның алты өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық ұлан авиациясының МИ-171Е тікұшақтары Батыс Қазақстан облысындағы Махамбет, Социализм және Ұзынкөл секілді су басқан елді мекендерінде қызмет атқаруда. 5517 әскери бөлімінің 60 әскери қызметшісі және 5 техникасы Асан елді мекенінде су тасқынына қарсы қам-қарекет жасап жүр. 6697 әскери бөлімінің 100 әскери қызметшісі мен 8 техникасы Қостанай облысы бойынша су тасқынына қарсы іс–шараларға жұмылдырылған. Атырау облысында 5546 әскери бөлімнің 75 жауынгері және 7  техникасы су тасқынына қарсы жұмыстарға көмек көрсету үшін облыс орталығынан Қызылқоға ауданының Қарабау елді мекеніне жіберілді. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

-->

Құтқарушылармен үйлесімді жұмыстың арқасында біз табиғи апаттың салдарын барынша азайта алдық. Тұрғындарды қорғау және табиғи апаттан болатын зиянды болдырмау үшін күшейтілген жұмыс жүргізілуде. Ықтимал су басу аймағын қоршауға 50-ге жуық әскери қызметші қойылды. Біздің басты міндетіміз – су тасқыны жағдайында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қорғау, - деді  6655 әскери бөлімінің 3 батальонының командирі майор Қанат Кемелбеков.