Әскери қызметші суға батып бара жатқан әйелді құтқарды
Ұлттық ұлан әскери қызметшісі суға батып бара жатқан әйелді құтқарды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әлішер Асылбеков Ұлттық ұланда 2022 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етеді. Ол өз әрекетін батырлық деп санамайды:
-->Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқиға 9 маусым күні сағат 22:45 шамасында Талдықорған қаласында болған. 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Әлішер Асылбеков қалалық жағажайда серуендеп жүргенде суға батып бара жатқан әйелді байқайды. Куәгерлер шұғыл қызметтерге қоңырау шалып жатқанда ұландық жауынгер оны құтқару үшін дереу суға секіреді. Әйелге қарай жылдам жүзіп барып, қолынан ұстап, жағаға сүйреп шығарады. Жағаға шығарған бойда алғашқы көмек өрсетіп, реанимациялық әрекеттер жасаған. Сондай-ақ жәбірленушінің оқиғаны өз көзімен көріп, жылап жатқан баласын тыныштандырады, - деп жазылған хабарламада.
Әлішер Асылбеков Ұлттық ұланда 2022 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етеді. Ол өз әрекетін батырлық деп санамайды:
Менің орнымда кім болса да, мұндай жағдайда қол қусырып қалмай, бірден көмектеседі деп ойлаймын. Су жағасынан айғай-шу естігенде не боп жатқанын түсіну үшін жүгіріп барлап шықтым. Әйел суға батып бара жатыр екен. Оның үстіне сол маңға жарық та түспей, қараңғылық жағдайды одан сайын қиындатты. Содан аман-есен жағаға шығарғанымда, әлі де есеңгіреп жатты. Дереу алғашқы медициналық көмек көрсетуге тура келді. Осының бәрін көріп, қорыққаннан оның 2 жасар жылап жатты. Кейін оны қолымнан келгенше жұбаттым. Ары қарай оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жетті, - деді әскери қызметші.