Әскердегі сарбаздар аналарына ерекше тосын сый жасады
Ұлттық ұланның Шымкенттегі 6506 және 6698 әскери бөлімдерінің сарбаздары аналарына ерекше тосын сый жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл бөлімдерде «Сарбаздар аналар комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Мұнда күн тәртібіндегі маңызды мәселелер қаралған соң аналар қауымы акт залына барды. Акт залда әскери борышын абыроймен өтеп жүрген ұлдары өнер көрсетті. Бір мезетте олар қолдарына гүл шоқтарын алып, аналарына табыстап, бір-бірімен құшақтасып, сағыныштарын басты.
«Анамды көрмегеніме 8 айдан асты. Сахнаға шыққан уақытта анамды көрген кезде жүрегім шым ете қалды. Мұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», - деді қатардағы жауынгер Мақсұджан Рахматов.