Әртүрлі

Өскеменде көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 10 адам эвакуацияланды

Өскеменде көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, 4 адам құтқарылып, 10-ы эвакуацияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

ТЖМ хабарлауынша, Өскемен қаласындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шыққан.

«Өрт сөндірушілер құтқару құрылғысының  көмегімен 4 тұрғынды құтқарды, оның үшеуі балалар, түтін аймағынан 10 тұрғынды эвакуациялады. Пәтердегі тұрмыстық заттар өртенген. Өрттің аумағы 30 шаршы метрді құрады», - делінген хабарламада.

 Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.