Әртүрлі

«Өскемен-Рахман қайнары» автожолының бір бөлігінде қозғалысқа шектеу енгізіледі

ШҚО-да «Өскемен – Рахман қайнары» автожолының 437–450 шақырым аралығындағы учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

«20 тамыз-30 қазан аралығында республикалық маңызы бар KAZ16-01 «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автомобиль жолының 437–450 шақырым аралығындағы учаскесінде көлік құралының барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады», - деп жазылған хабарламада.

Бұл шара таулы аймақтағы ұзындығы 13 шақырымды құрайтын қиыршық тасты жолда (ені 5 метр) орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қабылданды. Учаскенің бір жағында жартасты жоталар, екінші жағында тік жар орналасқандықтан, айналма жол немесе кері бағыттағы қозғалысты ұйымдастыру мүмкін емес.
Жөндеу жұмыстары аясында:
- кювет пен терең дренаждар орнатылады;
- 17 темірбетон құбыры және 3 су өткізу нысаны салынады;
- күрделі бөліктерде гидробойка қолдана отырып, жол төсемі кеңейтіледі.
Жөндеу жұмыстары барысында тастар құлауы мүмкін, сол себепті қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз мақсатында шектеу енгізіліп жатыр.