Сириядан табылған қазақстандық ғалымның кітабы елге жеткізілді
Кітап атауының қазақша аудармасы «Тіл тәжі және араб тілінің дұрыс сөздері» деп аталады, деп хабарлады Elorda.info.
Орталық мемлекеттік архивінің қызметкерлері «Архив – 2025» бағдарламасы аясында Мысыр Араб Республикасынан көптеген тың деректерді елге жеткізді. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ұлттық қорға енген мұралардың қатарында Исмаил бин Хаммад әл-Жауһари әл-Фарабидің «Ас-Сихах» атты кітабы да бар.
Сириядағы «Әл-Ассад ұлттық кітапханасынан табылған құнды еңбек - 40 мың түбірді біріктірген араб тілінің классикалық түсіндірме сөздігі ретінде бағалы. Сөздік араб тілі ғана емес, әдебиеті жөнінде де аса бай мағлұмат береді. Отырарлық ғұлама ғалымның аталған еңбегінің тағы бір қолжазба үлгісі Каир қаласындағы әл-Азһар универсиетінің кітапханасынан табылып, көшірмесі алынды.
Айта кетейік, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің ғылыми өкілдері Ресей, Франция, Қырғызстан, Белоруссияның мемлекеттік архивтерінде, сонымен қатар, Түркия, Иран, Египет сияқты елдердің кітапханалары мен архивтерінде жұмыс істеп, Қазақстан тарихына қатысты барлығы 20 мың парақтан астам құжат анықтап, көшірмесін әкелді.
-->Орталық мемлекеттік архивінің қызметкерлері «Архив – 2025» бағдарламасы аясында Мысыр Араб Республикасынан көптеген тың деректерді елге жеткізді. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ұлттық қорға енген мұралардың қатарында Исмаил бин Хаммад әл-Жауһари әл-Фарабидің «Ас-Сихах» атты кітабы да бар.
Сириядағы «Әл-Ассад ұлттық кітапханасынан табылған құнды еңбек - 40 мың түбірді біріктірген араб тілінің классикалық түсіндірме сөздігі ретінде бағалы. Сөздік араб тілі ғана емес, әдебиеті жөнінде де аса бай мағлұмат береді. Отырарлық ғұлама ғалымның аталған еңбегінің тағы бір қолжазба үлгісі Каир қаласындағы әл-Азһар универсиетінің кітапханасынан табылып, көшірмесі алынды.
«Елге жеткізілген «Ас-Сихах» еңбегі ғалымдар тарапынан зерттелуде. Құнды мұраның елімізде жоқ түпнұсқасының бір бөлігінің табылуы маңызды жаңалықтың бірі саналады. Себебі Исмаил әл-Жауһари әл-Фарабидің бұл шығармасы жалпы 6 томнан тұрады. Осыған дейін ғұламаның «Ас-Сихах» еңбегінің бір томы Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында қолжазба күйінде сақталған болатын. Мұнан бөлек бұл құнды еңбектің әртүрлі қолжазба нұсқалары Лондон, Берлин, Лейден, Париж қалаларындағы кітапханалардың қорында бар. Архив мамандарының Мысырдан тапқан нұсқасы елдегі нұсқаларды толықтыратынына сенім мол»,- деді Орталық мемлекеттік архивінің директоры Сәбит Шілдебай.