Сирияда қарулы топтың құрамында болған қазақстандық елге жеткізілді
Сирияда қарулы топтың құрамында болған қазақстандық елге жеткізілді, деп хабарлады Elorda.info.
Тергеу материалдарына сәйкес Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда қарулы топтардың біріне кірген. Оны ұстауды және отанына жеткізуді ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесіп, сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауымен жүзеге асырды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
-->Тергеу материалдарына сәйкес Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда қарулы топтардың біріне кірген. Оны ұстауды және отанына жеткізуді ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесіп, сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауымен жүзеге асырды.
Ұсталғанға қатысты ҰҚК Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.