Синоптиктер жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады
«Қазгидромет» РМК жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда жылдамдығы 23-28 м/с. жетеді.
Ұлытау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с болады.
Қызылорда облысында шығыстан соққан жел батысқа ауысады, түнде облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында 15-20 м/с жетеді.
26 қаңтардың сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту сақталады. Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с.
Атырау және Ақтөбе облысында тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жолдарда көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 18-23 м/с. жылдамдыққа жетеді.
Маңғыстау және Қостанай облысында тұман күтіледі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.