Әртүрлі

Синоптиктер бірнеше өңірде үсік жүретінін ескертті

Синоптиктер 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандардың болжауынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр жауады. Республиканың шығысында түнгі уақытта қар жаууы мүмкін.

Республика бойынша жел күшеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман түсіп, 16 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз республиканың батысында +20...+30°С, солтүстік-батысында +12...+25°С, шығысында +5...+18°С, оңтүстігінде +23...+32°С, елдің солтүстігінде және орталығында +15...+23°С-тан +10+18°С, оңтүстік-шығысында +10...+23°С-тан +15...+27°С-қа дейін көтерілуі күтіледі.