Синоптиктер қазанның алғашқы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Синоптиктер елімізде қазанның 1-3-і аралығында қандай ауа райы күтілетінін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Қазан айының алғашқы күндері ауа райы құбылмалы болады.
Солтүстік-батыс антициклоны республиканың батысы мен солтүстік-батысында құрғақ және шуақты ауа райын қамтамасыз етеді.
Елдің қалған бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын болады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанды.
Температураның күрт өзгеруі күтілмейді.