Әртүрлі

Шымкентте заңсыз майнинг фермасын ұйымдастырғандар әшкереленді

ҚР ҚМА қызметкерлері Шымкент аумағында криптовалюта өндіру бойынша заңсыз майнинг фермасын ұйымдастырған екі азаматтың қылмыстық іс-әрекетін әшкереледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2023 жылғы сәуір мен 2024 жылғы ақпан аралығында аталған тұлғалар жалпы сомасы 100 миллион теңгеден астам аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып, майнингтік ферма ұйымдастырғаны анықталды.

Олар жалпы сомасы 370 миллион теңге болатын 1000 дана ASIC майнерлер (биткоин өндіру жабдығы) мен заңсыз өндірілген цифрлық активтер (биткоиндар) түріндегі мүлкі тәркіленіп, сәйкесінше 2 жылға бас бостандығынан айыруға және 2,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды, - делінген хабарламада.

Жалпы, биыл қылмыстық табысы 400 миллион теңгеге жуық заңсыз майнингтік фермаларды ұйымдастырудың 4 дерегі анықталды.