Әртүрлі

Шымкентте судья жазасын жеңілдету үшін 110 млн теңге пара беруге итермелеген

Шымкент қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Агенттік Шымкент қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады. Олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталып отыр. 

Бас прокуратура 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының ережелеріне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз болып саналады.