Шымкентте үш мыңдай нәресте тегін берілетін арнайы қобдишадан қағылған
Шымкентте прокурорлық тексерістен кейін нәрестелер «Ана мен бала» дәрі қобдишасымен қамтамасыз етілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қалалық прокуратура перзентханаларда «Ана мен бала» дәрі қобдишасын беру заңдылығын тексерген. Соның нәтижесінде үш мыңға жуық нәрестеге перзентханадан шығару кезінде қажетті дәрі қобдишасы берілмегені анықталды.
«Қадағалау актісі негізінде 2763 нәрестенің аналары дәрі қобдишасымен қамтамасыз етілді, №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 426-бабымен әкімшілік жауаптылыққа және 5 медицина қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», - деді Шымкент қаласының прокуратурасы.