Шымкентте полиция формасымен тікелей эфирге шыққан тиктокер жауапқа тартылды
ТикТок-та полицейдің формасын киіп, тікелей эфирге шыққан әлеуметтік желі қолданушысы айыппұл арқалады, деп хабарлады Elordainfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары ішкі істер органдарының беделіне нұқсан келтіретін және оны төмендететін, офицер атағына лайықсыз әрекеттер көрсеткен қызды анықтаған.
«Ол полицияға ешқандай қатысы жоқ 24 жастағы азамат болып шықты. Полицияның нысанды киімін заңсыз кигені үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Нысанды киім тәркіленді», - делінген хабарламада.
Полиция айырым белгілері бар әскери киім, сондай-ақ нысанды және арнаулы киімді заңсыз киіп жүру құқық бұзушылыққа жататынын ескертеді.