Әртүрлі

Шымкентте ұландықтар синтетикалық есірткі тапты

Ұлттық ұланның  6506 әскери бөлімінің  қызметшілері қызмет атқару барысында есірткі заты салынған байламды тапты, деп хабарлады Elorda.info.

Олар бұл туралы дереу әскери жасақ бастығы аға лейтенант Дәурен Жүсіповке баяндады. Ол өз кезегінде полиция қызметкерлерін шақырды. Кейін олар қосымша тергеу үшін пакетті тәркіледі.

-->

Кешкі сағат 19.50 шамасында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданындағы Красноармейская көшесін патрульдеу кезінде қатардағы жауынгер Пазылдын Мадияр бастаған әскери жасақ ағашқа байланған бөтелкені байқады. Бұл күзетшілерге күдік туғызды. Жақындаған кезде олар ағаштың жанында жатқан шлакоблокты итеріп жіберді, оның астында синтетикалық есірткі затына ұқсас байлам табылды, - деп жазылған Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Олар бұл туралы дереу әскери жасақ бастығы аға лейтенант Дәурен Жүсіповке баяндады. Ол өз кезегінде полиция қызметкерлерін шақырды. Кейін олар қосымша тергеу үшін пакетті тәркіледі.