Әртүрлі

Шымкентте ер адамды пойыз қағып кетті

Шымкентте шамамен 30-35 жастағы ер адам пойызда астында қалып мерт болды. Бұл туралы Elordainfo.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға 21 қыркүйек сағат 22.00-лер шамасында Исмайлов (бұрынғы Громов)-Жангелдин көшелерінің қиылысына жақын маңнан өтетін теміржолда болған.

Ер адам ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмған.

Ер адамның суицид жасағаны немесе белгіленбеген орында теміржолды кесіп өтпек болғаны әзірге нақты белгісіз.