Әртүрлі

Шымкентте екі жекеменшік балабақшаның құрылтайшысы сотталды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы екі балабақшада бала санына қатысты жалған мәліметті анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Олар Білім басқармасына балабақшаға бармаған балалардың білім алып жатқандығы туралы жалған мәлімет ұсынып, қаржы алып келген. Осылайша 8 млн теңгеден астам бюджет қаржысын иеленген.

Қылмыстық істер бойынша ауданаралық соттың үкімімен балабақша құрылтайшылары алаяқтық жасағаны үшін сотталып, келтірілген шығын толығымен өндірілді.