Шетелге қоныс аударған отандастарымыздың көбі Германияны таңдаған
Елімізге тұрақты көшіп келгендер мен шетелге қоныс аударушылардың саны қанша? Сыртқы көші-қон туралы Elorda.info тілшісі Ұлттық статистика бюросынан сұрап-білді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың 9 айында, яғни қаңтар-қыркүйек аралығында елімізге 19136 шетелдік қоныс аударыпты. Ал шетелге 12732 адам көшіп кеткен. Оның 9948-і ТМД елдеріне кетіп, есесіне жақын шетелден мемлекетімізге одан екі есе адам қоныс аударған, нақтырақ айтсақ, 16833 адам көшіп келген. Ал 2784 отандасымыз ТМД-дан өзге елдерде өмір сүруді таңдаған. Ал, Қазақстанда өмір сүруге 2303 шетелдік ықылас білдірген.
Статистика деректеріне көз жүгіртсек, елімізге келуші шетелдіктер тұрақты мекен ретінде көбіне Алматы қаласын таңдайды екен, одан кейінгі орында Астана тұр. Ал шекара асқысы келген қазақстандықтардың таңдауы, көбіне, Германияға түскен екен. Одан кейінгі кезекте АҚШ пен Польша тұр. Елімізге ТМД елдері бойынша көшіп келгендердің көшін Ресей Федерациясы бастап тұр (9352 адам). Екінші орында Өзбекстан (4607 адам). ТМД елдеріне қоныс аударушылардың барлығы дерлігі Ресей Федерациясына кеткен. Яғни, ТМД-ға 9948 кетсе, оның 9428-і осы көрші елді таңдаған.
Айта кетейік, біз келтіріп отырған статистика - өзге елде тұрақты тұру үшін Қазақстан азаматтығынан шығып кеткен және елімізге қоныстану үшін ықтияр хат алған көші-қон процесіне қатысушылардың мәліметі.
-->Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың 9 айында, яғни қаңтар-қыркүйек аралығында елімізге 19136 шетелдік қоныс аударыпты. Ал шетелге 12732 адам көшіп кеткен. Оның 9948-і ТМД елдеріне кетіп, есесіне жақын шетелден мемлекетімізге одан екі есе адам қоныс аударған, нақтырақ айтсақ, 16833 адам көшіп келген. Ал 2784 отандасымыз ТМД-дан өзге елдерде өмір сүруді таңдаған. Ал, Қазақстанда өмір сүруге 2303 шетелдік ықылас білдірген.