Әртүрлі

Шетелдегі 13 референдум учаскесі жұмысын аяқтады

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасар Роман Василенко айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде 13 учаскенің жұмысы аяқталды. 7 158 Қазақстан азаматы өз дауысын берді. Дауыс беруге 59,79 пайызы қатысты. 60 сайлау учаскесі жұмысын жалғастыруда. Атап айтқанда, Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыс, Еуропа, Оңтүстік Америка және АҚШ елдерінде. Соңғы болып Сан-Франсикода бір сағаттан кейін учаске ашылады, - деді министр орынбасары Орталық референдум комиссиясында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, Қазақстанның 54 шет елдегі мекемелері жанынан 74 учаскелік референдум комиссиясы құрылған болатын. Дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны - 12 107 адам.

Бүгін Астанада халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында ШЫҰ, Түркі мемлекеттері ұйымы және АӨІСШК сияқты халықаралық ұйымдар байқаушыларының қатысуымен бірқатар брнифинг өтті. Миссия басшылары атап өткендей, республикалық референдум Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес өтуде. Олардың пікірінше, референдум ашық, еркін және заңды саналады. Олармен учаскелерде бірде-бір заң бұзушылық анықталған жоқ. Сонымен қатар халықаралық байқаушылар біздің сайлаушылардың жоғары белсенділігін ерекше атап өтті. Өздеріңізге мәлім, референдумда 200-ден астам шетелдік журналист хабар таратуда, - деді Роман Василенко.