Шерзат Болаттың отбасына мемлекет үй салып береді
Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа мемлекет үй салып беретін болды. Бұл ақпаратты Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігі растады, деп хабарлады Elordainfo.kz Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.
Әкімдік мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар тарапынан түсіндірме жұмыстарынан кейін, өтініш иесі рұқсат құжаттарын рәсімдеу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырды.
«Қазіргі уақытта барлық құжаттар толық дайындалды. Құрылыс жұмыстары алдағы уақытта басталады деп жоспарлануда. Аудан әкімдігі құрылыс барысын қадағалап, өз өкілеттігі аясында қажетті қолдау көрсететін болады», - дейді әкімдіктің ресми өкілдері.