Әртүрлі

Шенеунікті жиналыс үстінен ұстап әкетті

Шенеунікті жиналыс үстінен ұстап әкетті

Бұл оқиға Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбаевтың қатысуымен болған жиналыста болды, деп хабарлады Elorda.info Otyrar Telegram каналына сілтеме жасап. 

Отырыс барысында шаһар басшысы жемқорлық тақырыбын көтерді. Тіпті ол әкімдік қызметкерлерінің барлығы адал еместігін айтты.  

Осыдан соң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі кейбір әкімдік қызметкерлеріне сұрақтары барын айтты.

Олар дәл жиналыс үстінде қалалық тұрғын үй басқармасының басшысын ұстап алып кетті. 

-->

Әкімдік қызметкерлерінің арасында адал адамдар көп, бірақ олардың арасында сатқындар  да бар. Мен қанша рет ескерттім... Әріптестер, мені дұрыс түсініңіздер, менде басқа амал жоқ, - деді әкім.