Әртүрлі

Шекара бұзған 13 шетелдік ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында құзырлы органдармен өзара бірлесе отырып, еліміздің заңнамасын бұзған 2 776 адамды қолға түсірді. 

Оның ішінде 13 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін және 19-ы шекараны бұзуға оқталғаны үшін ұсталған.  

-->

«Мемлекеттік шекара арқылы 881 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды. Жалпы салмағы 3,3 кг болатын есірткі заттарын өткізбек болған 50 адам, қару-жарақпен 25 адам, тыйым салынған діни әдебиетпен 47 адам қолға түсті», - деді ҰҚК баспасөз қызметі.