Әртүрлі

Шайбалы хоккей бойынша мемлекеттік сатып алулар жасалмайтын болды

Астана қаласының Есіл ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу сомасын негізсіз асыра бағаланғанын анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

«Жергілікті атқарушы орган 446 млн теңгеден астам сомаға республикалық және халықаралық жарыстарға шайбалы хоккей командаларын дайындау және қатысу үшін сатып алуды жариялаған.

Конкурстық құжаттаманы зерделеу барысында 117 млн теңгеге асыра көрсетілгендігі анықталды, - делінген хабарламада.

Қадағалау актісі негізінде конкурстың күші жойылды, бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берілмеді.