Әртүрлі

Үш жылда елімізде 80 мыңнан астам IT-маман даярланды – министр

Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысының жас IT-мамандарды даярлау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Қазақстанда Tech Orda бағдарламасы іске қосылды. Ол жекеменшік IТ-мектептерді ынталандыру арқылы 2025 жылға қарай 20 мыңнан астам IT-мамандарды даярлауға бағытталған. Бүгінгі таңда жобаның түлектері 16 мың адамға жетті. Ал үш жыл ішінде 82 мыңнан астам қазақстандық ақпараттық технологиялар саласына оқытылды.

«Біз олардың еңбек нарығының талаптарына сәйкестігін арттыру үшін білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз етуге тырысамыз. Бүгінгі таңда Tech Orda түлектерінің сәтті жетістіктері көп. Олар мүлдем басқа салалардан IT-ға ауысуға мүмкіндік алды», - деді Жаслан Мәдиев.