ШҚО мен Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Төтенше жағдайлар министрлігі ШҚО мен Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алматы қаласының, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аумақтары қар көшкініне неғұрлым бейім.
«Қазіргі уақытта таулы аудандардағы қардың биіктігі норманың шегінде немесе одан асады. «Қазгидромет» РМК ауа райы болжамына сәйкес желтоқсан айында таулы аудандарда жауын-шашын нормадан асады деп күтілуде. Қар көшкіні астында қалмау үшін тауға жиналатын әрбір адам тауларда және қар көшкіні кезінде өзін ұстаудың негізгі ережелерін үйренуге міндетті», - деді ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшысы Ерболат Садырбаев.