Әртүрлі

ШҚО-да мұзды жару жұмыстары жалғасып жатыр

Алтай ауданында мұз жару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Аталған жұмысты жергілікті атқарушы органдары, ШҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері және мамандандырылған ұйым жүргізді. Алтай ауданындағы Бұқтырма өзеніндегі мұздың қалыңдығы 74 см құрайды.

-->

Зубовск кентінің ауданындағы өзенде су тасқыны қаупі бар учаске пысықталды, мұзды ұсақтаудың жалпы ауданы 16 000 шаршы метрді құрады, - деді  ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.