Әртүрлі

ШҚО-да барымташылардан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысында 70 астам мал ұрлап, тұрғындарға 47 млн теңгеден астам шығын келтірген барымташылар ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олар етті көбіне елдің оңтүстігінде саудалаған. Полицейлердің мәліметінше, топта төрт күдікті белсенді әрекет еткен.

«Сонымен қатар, ұсталғандардан атыс қаруының бірнеше түрі және 60 астам патрон тәркіленді. Олар бойынша сараптама тағайындалды. Айыпталушылар соттың санкциясымен қамалды. Тергеу әрекеттері жалғасуда және олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр», - делінген хабарламада.