Әртүрлі

Шетелден арзан бағада тауар алғысы келген азамат алаяққа алданды

Астаналық азамат полицияға жүгініп, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын айтқан, деп хабарлады Elorda.info.

Жәбірленушінің айтуынша, ол Қытайдан арзанға тауар алып беремін деп уәде берген алаяққа 300 мың теңгесін берген.

Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен қаланың 22 жастағы тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында анықталғандай, жас жігіт белгілі бір уақыт бұрын шетелден арзан бағада тауар жеткізумен айналысқан. Осылайша клиенттерінің сеніміне кірген ол жәбірленушіге Қытайдан квадроцикл жеткізіп беруді уәде етіп, одан алдын ала ақша алған. Алайда уақыт өте күдікті байланысқа шықпай, клиентін сан соқтырып кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адамның осыған ұқсас тағы үш алаяқтық фактісіне қатысы бары анықталды.

-->