«Сенімнің жоғалуына байланысты»: Головкиннің Бас хатшысы қызметінен кетті
Қазақстан ҰОК бас хатшысына қатысты ресми мәлімдеме жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Президентінің бұйрығымен Бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды.
«Одан бөлек, сенімінің жоғалуына байланысты Ж.Өтешеваны Бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады», - делінген хабарламада.