Әртүрлі

Сенатта «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобасы таныстырылды

Сенатта «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы болды. Онда «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобасы таныстырылды.  Жобаның мақсаты Парламент депутаттарының, барлық деңгейдегі мәслихаттардың, мемлекеттік органдардың және Қазақстан халқы Ассамблеясының өзара тұрақты іс-қимыл жүйесін ұйымдастыру болып табылады. Бұл туралы Elorda.info Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Сенатор Закиржан Кузиев Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы жаңа қоғамдық этиканы орнықтыруда орталық органдар ғана емес, сонымен қатар өңірлік билік рөлінің маңыздылығын да атап өткенін еске салды. Қоғамда өскелең өмірді бағдар ететін және дүниетанымның ажырамас бөлігіне айналатын ұстанымның кеңінен қанат жаюы үшін тиімді тетіктер іздеу мен ұсыну және ілгерілетуде орталық пен өңірлер тығыз байланыста жұмыс істеуі керек.

Сенатор Ольга Булавкина Қазақстанда 100-ден астам этнос бар екенін атап өтті, бұл біздің елімізді бейбіт қатар өмір сүру мен өзара сыйластық демократиялық құқықтық азаматтық қоғам құруға негіз болған әлемдегі ең көп ұлтты елдердің біріне айналдырады. «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобасының ауқымындағы сындарлы диалог заңмен бекітіле отырып, қоғамдық, конфессияаралық және этносаралық келісімді сақтаудың негізгі құралдарының біріне айналады. Сондай-ақ пісіп-жетілген әлеуметтік өзгерістерді уақтылы және қолайлы шешуге, лайықты өмір сүру жағдайын жасауға ықпал ететін болады.

Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы Денис Рыпаков өз кезегінде өңірлер мәслихаттарының және ҚХА құрылымдарының жұмысы туралы айтып берді. Мәселен, мәслихат төрағалары мен депутаттар кеңестердің отырыстарына, өңірлік сессияларға қатысады және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездеседі. Жобаны іске асыру бұл жұмысты барлық өңірлерде жүйелеуге, мекемеаралық жұмыс жоспарлары мен жол карталарын әзірлеуге мүмкіндік береді.

-->

«Жобаны іске асыру барысында халықтың өзекті мәселелері айқындалатын болады, ол Парламент, мәслихаттар депутаттарының жұмысында және олардың өзара іс-қимылында көрініс табады. Біз өз жұмысымызда Ассамблеяның және өкілді биліктің өзекті мәселелері мен міндеттерінің барлық саласын қамтитын боламыз, сондай-ақ Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ҚХА өкілдері мен этномәдени бірлестіктер басшыларының қатысуымен жергілікті жердегі этносаралық қатынастар мәселесін тұрақты қарауды қамтамасыз етеміз. Біздің жұмысымыздың басты бағыты әрқашан этноәлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтау және алдын алу болуы тиіс», - деді Закиржан Кузиев.