Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
Семейде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы базасында Абай атындағы ғылыми-мәдени орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Орталықтың ашылуына орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты табысталды.
Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар мен журналистер қатысты.
Абай атындағы ғылыми-әдістемелік орталықты ашудың мақсаты – Абай университеті, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі, «Абайтану академиясы» ғылыми-зерттеу институты арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, музеймен шетелдердегі Абай орталықтары арасындағы байланысты нығайту, Абай мұрасын жастар арасында насихаттаудың инновациялық формаларын айқындау.