Әртүрлі

Семейде 28 жастағы келіншек 500 мың теңгесінен айырылды

Семей тұрғыны диплом алмақ болып,  500 мың теңгесінен айырылды,  деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Семей қаласында диплом сатамын деген сылтаумен алаяқтық жасаған жағдай анықталды. 49 жастағы жергілікті тұрғын 28 жастағы әйелдің сеніміне кіріп, оған медициналық колледждің дипломын сатамын деп уәде берген. Осы уәдемен ол жәбірленушіден 500 000 теңге алған. Кейін ол қаражатты жұмсап жіберген.

Осылайша жәбірленуші ақшасыз да, құжатсыз да қалды, ал күдіктіге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындады», - деп жазылған хабарламада.