Әртүрлі

Сауд Арабиясында қажылық кезінде мыңнан астам адам қайтыс болды

Сауд Арабиясында қажылық кезінде 1,3 мыңнан астам қажы қайтыс болды, деп хабарлады Elorda.info ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Корольдіктің денсаулық сақтау министрі Фахд бен Абдель Рахман аль-Джаляджель мәліметінше, қажылық кезінде қайтыс болғандар саны 1 301 болды, олардың 83 пайызында тиісті виза болмаған.  

Мемлекеттік Al Ekhbariya телеарнасына сұхбат берген министр 95 қажы ауруханаларда емделіп жатқанын, олардың кейбіреулері ел астанасы Эр-Риядқа ұшақпен жеткізілгенін айтты.

Министр қайтыс болған қажылардың көпшілігінің жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, олардың кім екенін анықтау жұмыстары кешіктіріліп жатқанын мәлімдеді.

Әл-Джаладелдің айтуынша,  марқұмдар Меккеде жерленді.

Қаза болғандардың арасында 660-тан астам мысырлық бар. Олардың 31-нен басқасы рұқсат етілмеген қажылар болған. Мысыр билігі рұқсатсыз қажыларға Сауд Арабиясына баруға көмектескен 16 туристік фирманың лицензиясын қайтарып алды.

-->