Әртүрлі

Сарбаздар жауынгерлік даярлықтың тактикалық тәсілдерін пысықтады

Ұлттық ұланның командалық құрамы «Қаптағай» біріккен оқу орталығында жауынгерлік даярлықтың тактикалық тәсілдерін пысықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Командирлер кешенді сабақтарға қатысты. Онда олар әскери-инженерлік дайындық, күндізгі және түнгі ату жаттығуларын, сондай-ақ тактика мен операциялық өнер жөніндегі тапсырмаларды орындады.  Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жиында қатысушылар сабақ барысында алған тәжірибелік әдістерді және әр пән бойынша игерген теориялық білімдерін пысықтады және әртүрлі нормативтерді орындады. Сол арқылы Ұлттық ұланның әскери қызметшілері әрқашан жан-жақты дамып жатқанын, қызметке дайын екенін көрсете алды.

Сондай-ақ олар әртүрлі қару-жарақ үлгілерінен бөлімшелер (топтар) құрамында жауынгерлік атыс жасады.

Бес күндік жедел жиынға қатысушыларға брондалған техникамен күрес тәсілдері бойынша практикалық сабақ өткізілді.

-->

Бұл жолы біз алғаш рет орманда тұрдық – шатырларда түнедік. Жер бедерін, бағдарларды, техника мен қару-жарақты жасыру тәртібін зерттедік. Жаудың еліктеген шабуылына тойтарыс бердік. Өйткені ол шабуылды күндіз де, түнде де жасай алады. Біз бұған әрқашан дайын болуымыз керек, - деді жиыннан алған әсерімен бөліскен 6637 әскери бөлімінің командирі, полковник Досан Құркенов.