Сарбаз суға батып бара жатқан спортшыны құтқарды
Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Белгілі болғандай, 12 жастағы бала ескек есу бойынша жаттығу кезінде жел екпінінен аударылып, суға бата бастаған. Жауынгерлер дереу әрекет етіп, баланы ажалжан аман алып қалды. Кейін жасөспірімнің спорттық жаттықтырушысы ұландықтарға алғысын айтты.
-->
Елордадағы «Студенттік саябақта» қоғамдық тыныштықты бақылап жүрген Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы өзен жағасынан өтіп бара жатып, суға тұншығып, көмекке шақырған баланы байқаған.Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Әлібек Ноғаев бұл туралы радиостанция көмегімен патрульдік топтың бастығы қатардағы жауынгер Ахат Матаевқа дереу баяндай салысымен киімін шешіп, суық суға секірген, - деп жазылған хабарламада.