Әртүрлі

Сарапшылар ұлттық идеология мәселелерін талқылады

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Әулет қорғаны – Елдіктің қорғаны» атты ғылыми конференция өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  құрылтай барысында алға қойған «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тапсырмалары талқыланды. 

Конференция  мақсаты –  ұлттық идеология мен ұлттық тәрбиенің жүйесін жасау. 

Сарапшылар пікірінше, бұл Президенттің Әділетті Қазақстан құру туралы мәлімдемесімен үндес. 

Конференцияға  ғылым, өнер, қоғам қайраткерлері және депутаттар қатысты.

Конференция барысында қоғамдық бірлестік өкілдері ұлттық тәрбиенің «Жеті ережесін» ұсынды.  Онда ұлттық құндылықтарымыз көрініс тапқан. 

-->

Біз қолға алған саяси-экономикалық реформаларды қоғамдағы терең әлеуметтік-мәдени өзгерістермен қатар іске асыруымыз керек. Бұл – маңызды міндет. Біз алға үздіксіз қадам басуымыз керек. Елді дамытуға кедергі келтіретін нәрсенің бәрінен арылып, құндылықтарымызды нығайта түсуіміз қажет. Сонда ғана ұлттың жаңа сапасын қалыптастырамыз, сан ғасырлық мемлекеттілігіміздің тұғырын бекемдейміз. Олай болмаса, даму көшінің соңында қалып, ақырында құрдымға кетеміз, - деді Ұлттық құрылтай барысында Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Конференцияға  ғылым, өнер, қоғам қайраткерлері және депутаттар қатысты.

Біз – президенттің ел болу ұлттық идеясын қорғайтын, халық пен Үкіметтің көмекшісі және Алтын көпірміз. Өйткені бүліксіз даму жолы – қазақ елінің аталы жолы деп санаймыз. Біздің мақсатымыз – мемлекетшіл қоғамды тәрбиелейтін Ұлттық тәрбие идеологиясы мен жүйесін жасау.  – деді ұйымдастырушылардың бірі Асхат Базарханұлы. 

Конференция барысында қоғамдық бірлестік өкілдері ұлттық тәрбиенің «Жеті ережесін» ұсынды.  Онда ұлттық құндылықтарымыз көрініс тапқан.