Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлованы еске алды
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігінің 80 жылдығына орай қазақстандық дипломаттардың қатысуымен еске алу шарасы өтті, деп хабарлады Elorda.info СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара барысында ҚР - ның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Дмитрий Михно Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Қазақтың қаһарман қызын еске алушылар өзі білім алған, қазіргі уақытта Ә. Молдағұлова атындағы мемориалдық мұражайы бар №140 мектепте болды. Ол жерде Бас консулдық өкілдерінің, әскери академия студенттерінің, сонымен қатар мектеп оқушыларының қатысуымен қазақ халқының даңқты қызының ерліктеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
-->Шара барысында ҚР - ның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Дмитрий Михно Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.