Әртүрлі

Салтанат Әскербекқызы: Президент қазақ тіліне қатысты нақты тапсырмалар берді

Мемлекеттік тілді дамыту бағытында жұмыс істеу қажет. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық   «Қазақ тілі» қоғамының басшысы Рауан Кенжеханұлымен кездесу барысында  айтты. Осыған қатысты PR маманы әрі бизнес-тренер Салтанат Әскербекқызы өз пікірін білдірді, деп хабарлады Elorda.info

 

Салтанат Әскербекқызының айтуынша, қазіргі таңда балалар қандай ортада жүрсе де айналасындағы адамдармен көп жағдайда орыс тілінде сөйлеседі. Тіпті ақпаратты да сол тілде алады. 

-->

 

Қазіргі кезде  қазақ тілін жетік меңгергісі келетіндер өте көп. Қарапайым мысал, менің айналамдағы ұлтына қарамастан, қазақ тілін үйрететін жақсы мамандарды жиі сұрайды. Сондықтан тілді үйрететін платформалар болғаны дұрыс. Бастысы оларға сұраныс өте жоғары.  Бір айта кетерлігі, біз ана тілінде сөйлеуді құндылық ретінде тәрбиеге енгізбейміз. Яғни күнделікті өмірде ата-ана баласымен орыс тілінде де сөйлесе береді, - дейді спикер.

Салтанат Әскербекқызының айтуынша, қазіргі таңда балалар қандай ортада жүрсе де айналасындағы адамдармен көп жағдайда орыс тілінде сөйлеседі. Тіпті ақпаратты да сол тілде алады. 

Мемлекет тарапынан  жүзеге асырылып  жатқан жұмыстар көпшілікке кеңінен насихатталуы керек.  Мәселен, біз түрлі контентті өзіміздің көзқарасымыз бойынша қызықты етіп әзірлейміз. Ал бұл балаға қызық па? Ол оны көре ме? Бұған біз мән бермейміз. Шын мәнінде, әр 10 жыл сайын жаңа ұрпақ дүниеге келеді. Әр ұрпақтың қызығушылығы басқаша. Оның сөйлесу тілі де, құндылықтары да басқа. Президент жақсы тапсырмалар берген екен. Алдағы уақытта бұл тапсырмаларды жарнама тұрғысынан тілді үйренетін аудиторияға ұсыну керек. Сол кезде мемлекеттің іске асырып жатқан жұмыстары мақсатына жетеді, - деп сөзін түйіндеді спикер.