Әртүрлі

Салтанат Нүкенованың өлімі: Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бақытжан Байжановқа қатысты үкім жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.

Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің 432-бабында (Қылмысты жасыру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеу жазасына кесілді.

Үкім оқылғаннан кейін судья А. Құлбаева сот үкіміне қатысты сұрақтар бар ма екенін сұрағанада Байжанов өзінің жазықсыз екенін айтты.

Естеріңізге саламыз, Салтанат Нүкенова өлтірілген «Гастро-орталық» директоры Бақытжан Байжанов қайғылы оқиғадан кейін қамауға алынған болатын.

Ол сот процесі басталғаннан бері өзінің кінәсіз екенін айтып, марқұм Салтанат Нүкенованың туыстарынан бірнеше рет кешірім сұраған.

Сонымен қатар Бишімбаевтан қысым көріп жатқанын, сол үшін бөлек отырғызуды сұрады.

Сот процесінде Байжанов өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты.

-->

«Шыны керек, мен неге 4 жылға? Менің кінәм не? Жазықсыз адамды соттадыңыздар»,-деді.

Естеріңізге саламыз, Салтанат Нүкенова өлтірілген «Гастро-орталық» директоры Бақытжан Байжанов қайғылы оқиғадан кейін қамауға алынған болатын.

Ол сот процесі басталғаннан бері өзінің кінәсіз екенін айтып, марқұм Салтанат Нүкенованың туыстарынан бірнеше рет кешірім сұраған.

Қайғылы оқиғаға байланысты Салтанаттың туған-туыстарына көңіл айтамын. Менің сөздерім орынсыз болып көрінуі мүмкін. Мен Салтанатты жақсы жағынан білдім. Мен оның  барлық туыстарынан және оның достарынан,өзімнің  ата-анамнан, жұбайымнан және балаларымнан кешірім сұраймын. Жауапкершілікті толық түсінемін,  сол күні жағдайды түсініп, дұрыс бағалай алмағаныма өте өкінемін. Сол күні мен Салтанатты бірнеше рет көрдім, таңертең алыстан байқадым.  Оның сол көзінің іскенін көрдім. Вип зал тас-талқан болып, дәретхананың есігі бұзылған екен. Таңертең гастроцентрге келгенде, Қуандықтың ашуланып, жанжал шығарғанын және тағы да Салтанатты ұрғанын білдім,- деді ол.

Сонымен қатар Бишімбаевтан қысым көріп жатқанын, сол үшін бөлек отырғызуды сұрады.

Сот процесінде Байжанов өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты.

«Мені Бишімбаевпен бірге Салтанаттың денесін жасырмақ болды деп айыптап отыр. Расында да, айыптаушы тарап пен жәбірленуші тарап айтқандай, Бишімбаевпен бірігіп, Салтанаттың денесін жасыруды жоспарласам, неге солай істемедім?! Олардың логикасына сүйенсек, күні бойы денені жасыруға дайындалғандай боламын. Онда неге ыңғайлы уақыт туғанда, алдымыз түн болғанда, оның үстіне мейрамханада бөтен ешкім болмаған кезде бұл идеядан бас тарттым? Мен мұны әу бастан жоспарламағандықтан істемедім. Мен тіпті Салтанат қайтыс болғанын білмедім», - деді ол.