Сәулебек Жәмкенұлы: Елімізде мерекенің сұлтаны - Тәуелсіздік күні
Халықаралық Ақпарат академиясының академигі, заңгер-журналист Сәулебек Жәмкенұлы барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
“Елімізде мерекенің сұлтаны - Тәуелсіздік күні. Бұл тәуелсіздік үшін батырлар соғысып, қазақ халқының басынан неше түрлі қиын заман өтті. Осылайша еліміздің тәуелсіздік шаңырағы көтеріліп, бұл күнге жеттік. Сондықтан да барлығымыз үшін бұдан артық мереке жоқ. Тәуелсіздік күні құтты болсын! Шаңырақтарыңыз биік, жақындарымыз аман болсын”,- деді Сәулебек Жәмкенұлы.