СҚО-да қайтарылған активтер есебінен су құбыры желілері салынады
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен іске асырылатын әлеуметтік жобалар Бас прокурордың жеке бақылауында, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2025 жылғы 17 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, 30 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау желілерінің құрылысын тексерді.
Қаржыландыру прокуратура органдары қайтарған активтер есебінен жүзеге асырылады.
Іске асырылып жатқан жобалардың арқасында 11 мыңнан астам азамат сапалы ауызсуға қол жеткізе алады. Бұл санитарлық қауіпсіздік деңгейін арттырады және ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына жағдай жасайды.
«Қазіргі уақытта су құбыры желілері салынуда. Құрылысты осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Мердігерлік ұйымдарға жұмыстарды көрсетілген мерзімде орындау және сапасын қатаң сақтау туралы ескертілді», - делінген хабарламада.
Солтүстік Қазақстан облысында қайтарылған активтер есебінен барлығы 33 жоба іске асырылуда – бұл өңірді дамытудың және оның тұрғындарының әл-ауқатын арттырудың пәрменді тетігі.