Сәкен Майғазиев ұлының туған күнінде ерекше жазба жариялады
Отандық әнші Сәкен Майғазиев өзінің Instagram парақшасында әсерлі жазба жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
“Алла ұлық! Бүгін әжесінің ақылдысы, тұла бойы тұңғышымыз Әділет Сәкенұлы 26 жасқа толды! Алла тағаланың мейіріміне бөленген сүйікті құлы, Пайғамбарымыздың лайық үмметі, қазақ халқына пайдасы тиетін адал перзенті, әулетіміздің зүриятын өрбітер салиқалы ұрпағы бол, құлыным! Ол үшін не керек, ертерек үйлену керек”, – деп жазды С.Майғазиев.