Үш өңірдегі оқушылар аралық және қорытынды емтихандардан босатылды
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі 3,5 мыңнан астам оқушы аралық және қорытынды емтихан тапсырмайды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Олардың қатарында Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім алушылары бар. Оқушылардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады.
Айта кету керек, 9-шы және 11-сыныптарды бітірушілер үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді.
Алғаш рет 5-8, 10-сынып оқушылары үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында қазақ тілінен аралық емтихандар өтеді.
2023-2024 оқу жылының аяқталуында «Білімім – Отаныма» бірыңғай сынып сағаты өтеді. 25 мамыр күні «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында мектеп бітірушілерге арналған іс-шара өтеді.
Аттестаттар тапсыру салтанаты 12-15 маусым аралығына белгіленді.
-->Олардың қатарында Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім алушылары бар. Оқушылардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады.