Құрылысты жобалау мерзімі 1,5 жылға қысқарады
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин Қазақстан жобалаушылары республикалық одағының ұжымдық үндеуіне жауап берді, деп хабарлайды Elorda.info.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Құрылыс комитеті инвесторларға қолайлы жағдай жасамақ. Ол үшін EПC келісімшарттарына ұқсас «техникалық тапсырыс беруші» қызметін енгізу бойынша түзетулер әзірленді. Ол жобаны жоспарлаудан бастап, нысанды пайдалануға енгізуге дейінгі барлық кезеңді қамтиды.
«Техникалық тапсырыс беруші» – жобалаушы мен инженерлік персоналға, соның ішінде жоба менеджерінің жауапкершілігіне баса назар аударатын жобалау ұйымы. Бұл тәсіл құрылыс процесін оңтайландырып, кешенді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бүгінде жобалау ұйымы басқаратын авторлық және техникалық қадағалау қызметтері қайталанып отыр. Сондай-ақ қолданыстағы жүйе жауапкершілікті төмендетіп, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне әкеп соқтырады. Осы орайда сәулетшілер мен жобалаушылардың ұсыныстары бұл қызметтерді біріктіруге бағытталған.
Тимур Қарағойшин Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі халықтың жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындау мақсатында тиісті нақты шаралар қабылдап жатқанын ерекше атап өтті.
-->Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Құрылыс комитеті инвесторларға қолайлы жағдай жасамақ. Ол үшін EПC келісімшарттарына ұқсас «техникалық тапсырыс беруші» қызметін енгізу бойынша түзетулер әзірленді. Ол жобаны жоспарлаудан бастап, нысанды пайдалануға енгізуге дейінгі барлық кезеңді қамтиды.
«Техникалық тапсырыс беруші» – жобалаушы мен инженерлік персоналға, соның ішінде жоба менеджерінің жауапкершілігіне баса назар аударатын жобалау ұйымы. Бұл тәсіл құрылыс процесін оңтайландырып, кешенді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жобалауды оңтайландыру үшін техникалық-экономикалық негіздемені екі кезеңді жобалаумен біріктіруді көздейтін түзетулер әзірленді. Нәтижесінде құрылыс жұмыстары басталғанға дейінгі уақыт шамамен бір жарым жылға қысқарып, ашық баға белгіленіп тартымды инвестициялық климат туады, – деді ведомство өкілі.
Бүгінде жобалау ұйымы басқаратын авторлық және техникалық қадағалау қызметтері қайталанып отыр. Сондай-ақ қолданыстағы жүйе жауапкершілікті төмендетіп, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне әкеп соқтырады. Осы орайда сәулетшілер мен жобалаушылардың ұсыныстары бұл қызметтерді біріктіруге бағытталған.
Жобалау ұйымының басқаруымен инженерлік қызметтерді біріктіру құрылыс сатысын сапалы жүргізіп, жобаны дұрыс түсіндірмеу жағдайларын жояды. Техникалық қадағалаушыны таңдау бойынша конкурс қысқарады. Бұл қызмет жоба авторының айрықша құқығы негізінде сатып алынады. Бұл ұсыныстардың өзектілігі құрылыс басында жобалау ұйымдары болуы керек екенін тағы да растайды, – деді вице-министр.