Әртүрлі

Run Night: Астанада түнгі жүгіру жарысы өтті

Кеше Триатлон саябағында жүгіруден дәстүрге айналған Run Night жарысы ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласында әр апта сайын кемінде бір жүгіру жарысының болуы қалыпты болып кетті. Олар саны жағынан ғана емес, түрлі ерекшеліктерімен де әуесқой спортшының есінде қалуға тырысады.  Сондай жарыстың бірі — кешкі 21:00-де басталатын Run Night жарысы.

Біз үшін жарысты ұйымдастыруға ең қолайлы жер — Триатлон саябағы. Ешкімге кедергісін келтірмейді. Көшеде жарық шамы бар әрі қатысушылар әсем Ақорда сарайы, Есіл өзені, Президент саябағына куә бола алады. Бұл турнирге Астанадан ғана емес, өзге қала, шетелден де тіркелгендер болды. Себебі, бұл түнде ұйымдастырылатын жалғыз жарыс. Түнде ыстық емес, әрі жүгіруге өте қолайлы уақыт, — деді, жарыс ұйымдастырушысы Денис Гордиенко

Жарыс барысында қатысушылар 3, 5, 10 шақырым қашықтықта жеңімпаздарды анықтады.

Айта кетейік, Run Night жарысы Астанада 3-ші мәрте ұйымдастырылды.

-->

Қаламызда жүгіруге арналған арнайы орындардың саны артуда. Оған бір дәлел, 2023 жылы осы шараға 70 желаяқ тіркелсе, биыл олардың саны 160-қа жетті. 

Біз үшін жарысты ұйымдастыруға ең қолайлы жер — Триатлон саябағы. Ешкімге кедергісін келтірмейді. Көшеде жарық шамы бар әрі қатысушылар әсем Ақорда сарайы, Есіл өзені, Президент саябағына куә бола алады. Бұл турнирге Астанадан ғана емес, өзге қала, шетелден де тіркелгендер болды. Себебі, бұл түнде ұйымдастырылатын жалғыз жарыс. Түнде ыстық емес, әрі жүгіруге өте қолайлы уақыт, — деді, жарыс ұйымдастырушысы Денис Гордиенко

Жарыс барысында қатысушылар 3, 5, 10 шақырым қашықтықта жеңімпаздарды анықтады.

9 жылдан бері тұрақты жүгіріп келемін. Кезінде марафондарды қалдырмайтын едім. Қазір толық формада емеспін. Сондықтан 21, 10 шақырымдарда ғана жүгіріп жүрмін.

Астана қаласына келгеніме 3 жылдан асты. Осы уақыт аралығында спорт жарыстарынан қалмауға тырысамын. Бүгін бірінші рет түнгі жарыста бақ сынадым. Жүгіру бағыты өте қолайлы әрі қызықты болды. 10 шақырымды 55 минутта жүгірдім. Көңілім толады, -— деп Испаниядан қызмет бабымен келген Джозеф атты қатысушы жарыс жайлы өз ойымен бөлісті.