Рудныйда балаларды сауықтыруға бөлінген 18 млн теңге қолды болған
«Рудный қаласы білім бөлімінің» Балаларды тәрбиелеу-сауықтыру кешені» КМҚК қызметін тексеру барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражаты ұрланғаны анықталды, деп хабарлады Elorda.info Қостанай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Қостанай облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.
-->Қостанай облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.
«Тергеу барысында балалар кешенінің қызметкері 2022-2023 жылдары балалардың сауықтыру орталықтарына жазғы маусымға жолдама сатып алғаны үшін азаматтардан алынған 18 млн теңгеден астам ақшалай қаражат иемденгені анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді», - делінген хабарламада.