Роза Әлқожа өнерге аяқ басқан ұлына ақыл айтты
Әнші Instagram желісіндегі парақшасында ұлы Барс Қабаға арнап жазба қалдырды, деп хабарлады Elorda.info.
-->
Өнер - халықтыкі. Таңдайға тәңір бергенді өзімдікі екен деп қалма! Кеудеңе келген әуенді әлеуметке бер, жүректерге жетсін! Әуез бар жерде әуре бар. Дүниемен өлшенбейтін бұл аманаттың ләззаты азапты жолдар арқылы құрылған. Маңдай тер, қарқынды еңбек, қарымды тірлік болмай қошемет те, құрмет те жоқ. Ешкімнен күтпе, ешкімге ерме, ешкімге еліктеме! Сара жолмен жүрер дара талғам иесісің, даңғыл жолға қарай жүр. Ал, үлкен сапарға шыққанның жолдасы құдай, серігі - ай! - деді ол.