Республикалық маңызы бар 4 автожолда қозғалыс шектелді
Су тасқынына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар автожолда қозғалыс шектелді, деп хабарлады Elorda.info.
3 сәуірдегі сағат 08:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Ақмола және Қостанай облысында 2 учаскеде жалпы ұзындығы 109 метр болатын су тасқыны орын алды.
4 облыстағы (Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар 4 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды.
«ҚазАвтоЖол» АҚ мәліметінше, қазір республикалық жолдарда 283 бірлік техника мен 319 адам қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр.
-->3 сәуірдегі сағат 08:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Ақмола және Қостанай облысында 2 учаскеде жалпы ұзындығы 109 метр болатын су тасқыны орын алды.