Әртүрлі

Республика бойынша қатты жел тұрады

Синоптиктер 7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республикамыздың басым бөлігі әлі де циклонның ықпалында болып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашынның түсу ықтималдылығы сақталады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республикамыз бойынша тұман, көктайғақ, қатты жел көрініс табады деп болжанады, еліміздің шығысында өте қатты жел тұрады.

Астанада - аспан бұлтты, түнде және таңертең аздап қар жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде - 7-12 м/с, күндіз - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз: -23...-25°С.

Алматыда - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз: -1...+ 1°С.

Шымкентте - күн райы жауын-шашынсыз, аспан бұлтты. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +8...+10°С.