Әртүрлі

Реформалар жылдам жүзеге асуы үшін табанды еңбек керек – Максим Споткай

Еліміздегі реформалар – мемлекет жүйесіндегі кейбір элементтерді жаңғырту. Ол негізінен әлеуметтік саяси және экономикалық бағыттарға бағытталған. Бұл өзгерістер заң арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда да әлеуметтік-саяси және экономикалық реформалар қатар жүріп жатыр. Осы орайда Elorda.info тілшісі жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар жайында Парламент Сенаты Аппаратының басшысы Максим Споткайдың пікірін білген еді. 

 

Максим Споткай бұл жаңа бастамалар еліміздің қазіргі саяси жүйесін түбегейлі қайта жаңғыртып, оның ашықтығын, есептілігін және тиімділігін арттыра түсті деп есептейді.

Елде аз уақыт ішінде саяси институттар өзгеріске ұшырады. 

Сенат Аппаратының басшысы осы өзгерістер еліміздің алдағы дамуына қалай әсер ететінін айтты.

Бүгінгі таңда реформа аясында Сенат жұмыстары трансформацияланды. Сондай-ақ Аппарат басшысы сенаторлардың құрамы 60 пайызға жаңарғанын жеткізді. 

Аппарат басшысының пікірінше, реформалар жылдам жүзеге асуы үшін әуелі табандылық қажет.

-->

 

Соңғы жылдарда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміз түбегейлі реформаларға бет бұрды. Бұл шынымен де халықтың да, уақыттың да талабы еді. Реформа дегеніміз өзгерістерге заң арқылы жету болғандықтан еліміздің Конституциясына елеулі өзгерістер енді. Осы орайда бүкілхалықтық референдум өтті. Бұл Президент ұсынған реформалардың іргетасы, бастауы болды. Еліміздің басқару жүйесі өзгерді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы елімізді одан әрі демократияландыру бағдары жалғаса беретініне назар аударып, қоғамдық-саяси саладағы ауқымды және жүйелі реформалар топтамасын ұсынды, - деді ол.

Максим Споткай бұл жаңа бастамалар еліміздің қазіргі саяси жүйесін түбегейлі қайта жаңғыртып, оның ашықтығын, есептілігін және тиімділігін арттыра түсті деп есептейді.

Негізгі реформалардың бірі басқарудың суперпрезиденттік үлгісінен  президенттік республикаға біржола көшу болғаны сөзсіз. Соның аясында Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды иеленуге заң жүзінде тыйым салынды. Осылайша, Қасым-Жомарт Кемелұлы жұртшылыққа еліміздің жоғары басшылығы, ең алдымен, реформаны өзінен бастауға дайын екенін жеткізді, - деді спикер.

Елде аз уақыт ішінде саяси институттар өзгеріске ұшырады. 

Осы өзгерістердің аясында Президент, Сенат, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлаулары өтті. Осылайша, бас-аяғы бір-ақ жылдың ішінде еліміздегі негізгі саяси институттардың барлығы дерлік түбегейлі трансформацияға ұшырады.  Бұл шын мәнінде үлкен жұмыс, - деді Максим Споткай.

Сенат Аппаратының басшысы осы өзгерістер еліміздің алдағы дамуына қалай әсер ететінін айтты.

Мемлекет басшысы ұсынған бұл өзгерістердің нәтижесінен күтетін халықтың үміті көп. Біз проблемаларды ашық айтуды үйрендік. Халықпен нақты диалог тетіктері айқындалды. Қордаланған мәселе, әрине, көп. Бұл ретте инженерлік жүйелердің тозуы, су тапшылығы мәселесі, жайылым мәселесі секілді кезек күттірмейтін дүниелер де бар. Бұларды шешуде жаңаша көзқарастар, әділеттілік керек. Біздегі реформалардың басты ұстанымы да осы әділеттілік ұғымымен тығыз байланыста.Сондықтан, бұл өзгерістер еліміздің кешенді түрде дамуына, халық табысының артуына, еліміздегі саяси жүйенің демократиялануына оң әсерін тигізеді деп ойлаймын, - деді Максим Споткай.

Бүгінгі таңда реформа аясында Сенат жұмыстары трансформацияланды. Сондай-ақ Аппарат басшысы сенаторлардың құрамы 60 пайызға жаңарғанын жеткізді. 

Сенат жұмысының басымдықтары айқындалды. Соған орай палата заң шығарумен қатар өңірлердің мүддесін қорғайтын органға айналды. Осы күнге дейін біз өңірлер мүддесін қорғауда мәслихаттармен жұмыс істеудің басым басымдықтарын айқындап үлгердік. Жақында Сенат жанындағы Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Іс-шараға барлық аймақтың мәслихат төрағалары қатысты. Жиын барысында спикер Сенат пен мәслихаттар бірлескен жұмысының жаңа басымдықтарын айқындады, - деді ол.

Аппарат басшысының пікірінше, реформалар жылдам жүзеге асуы үшін әуелі табандылық қажет.

Табанды еңбек керек. Бұл реформаның жүзеге асуы барлық отандастарымыздың ортақ парызы мен міндеті. Себебі бұл біздің болашағымыз үшін аса маңызды қадамдар. Ал Сенат өз тарапынан осы реформалардың жүзеге асуында сапа мен тиімділікті арттыру үшін заңнамалық тұрғыдан қолдау білдіруге қашанда дайын, - деп сөзін түйіндеді Максим Споткай.